Ақтөбеде спорт мектебіндегі тәрбиеленуші өлімінен соң еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-педагог құрамы түгел өзгертілді. Жаттықтырушылар жұмыстан шығарылып, интернат директоры мен тәрбиешілерге қатаң сөгіс берілді. Қайғылы оқиғадан соң Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі жұмысқа сараптама жасалды