Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке телефон шалып құттықтап, ауылға шақырды. Ол чемпионға 100 жылқы атады. Ақтөбелік кәсіпкер Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиаданы отбасы болып тамашалап, Елдос Сметовке жанкүйерлік етті. Бұған дейін қола, күміс медаль таққан дзюдошының бұл жолы чемпион атанатынына сенді.