Ақтөбенің Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында қар суының ағыны күшейіп, бірнеше үйге су кірді. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, бүгін түстен кейін Ембі қаласының бір көшесі арқылы су аққан. Ағыс қатты болып, бірнеше үйге су кірді. Салдарынан жолды жыруға тура келді.