Қазгидромет алдағы 3 күндегі ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда түседі», - деп таратты.