«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.