Қазгидромет 30 сәуір — 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.