2024 жылғы егіннен астықтың сатылымға шығуына байланысты бағаның төмендеуі кезеңі күрт өзгеріске түсіп, баға керісінше өсіп келеді. Биыл шілде айында егін жинау жұмыстары басталғаннан бері Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды. Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда қазақстандық бидайдың тоннасының бағасы 61 мың теңге болды деген сөз.