Әлемде «Марбург» вирусы тез таралып жатыр — Қазақстанда бақылау күшейтілді Әлемде «Марбург» вирусының жылдам таралуына байланысты еліміздің санитар дәрігерлері дамыл таппай жүр. Еліміздің әуежайларында ұшып келген жолаушылар термометрия тексеруінен өткізіледі. Шет мемлекеттерге шығатын азаматтарға да індеттен қорғанудың амал-тәсілі жіті түсіндіріліп жатыр. Қыркүйектің соңында Шығыс Африкада аталмыш індеттен 12 адам көз жұмып, 300-дей науқас бақылауға алынған. Ауру жұқтырғандардың арасында шетелдік дәрігерлер де бар.» Марбургтың» адамдар арасында былтырдан бері қайта таралуына не себеп болғаны әлі анықталмады.