Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы еліміздегі алғашқы автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында ауқымды оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуға тоннельге қызмет көрсетуге жауапты мамандар, Түркістан облысы ТЖД, полиция қызметкерлері (100 адам мен 15 арнайы техника) жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда орындалатын жедел іс-әрекеттер пысықталды. Осы орайда желдету, бейнебақылау, өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесі сияқты тоннель қауіпсіздігінің негізгі жүйелерін сынауға ерекше назар аударылды.