Алматы қалалық соты қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады. Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен сотталушы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 104-бабының 1-бөлігі), 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Бірақ сот процесіне қатысушылар бұл шешімге апелляциялық шағым түсірген.