Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды. Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.Гокер Косе TAV Airports холдингіне 2005 жылы қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайларды басқару және менеджмент саласында тағылымдамадан өтті. Анкарадағы жаңа Эсенбога әуежайына қатысты (Operational Readiness and Airport Transfer ORAT) бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосты.