Алматы әуежайында рейсі кешіккен азаматтар жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. FlyArystan әуе кемесі «Алматы – Астана» бағытында сағат 09:05 ұшуы керек болған. Алайда жүйедегі техникалық ақауға байланысты жолаушыларға алдымен рейстің 10:55-ке ауысқаны туралы, одан кейін 09:25-те ұшатыны туралы ескерту хабарлама келген. Оқиға салдарынан біраз жолаушы рейске мініп үлгермей қалған.