Алматы әуежайының жаңа президенті Гөкер Көсе мекемеде шетелдік жұмысшылардың көбеюіне байланысты сұраққа жауап берді. 2020 жылы мамыр айында түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған болатын. Сол уақыттан бері, әсіресе, жаңа терминал ғимараты ашылғалы әуежайда шетелдік жұмысшылар көбейген.