Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында баспасөз туры ұйымдастырылып, мекеменің жаңа басшысы Гокер Косе әуежайдың ескі және жаңа терминалдары жоспарын бөлісті. Жаңа жолаушылар терминалына 220 миллион доллардан астам инвестиция салынған. Сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай салынған халықаралық терминал 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Әуежайдың жалпы ауданы – 53,5 мың шаршы метр.