Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Беларусь және Грузия елдерінде өткен халықаралық фестивальдерде бірнеше мәрте жеңіске жетті. Биыл қыркүйек айының 18-22 күндері аралығында Гродно қаласында өткен IV Халықаралық «Лялькі над Нёманом» қуыршақ театрлары фестиваліне бүлдіршіндерге арналған «Қаздар мен аққулар» (режисссер Антон Зайцев) ертегісімен қатысып, «Арнайы дипломға» ие болды.