Алматы облысында күйдіргі жұқтырғандардың саны күннен күнге артып жатыр. Соңғы дерек бойынша, қауіпті дертке шалдықты деген күдікпен 16 адам ауруханаға түскен. 11-нің сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. Денесін жара басқан науқастар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылы эпидемия ошағына айналған.