Алматы облысында әскерден оралған жігітті тапаншадан оқ атып қарсы алды.Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан сарбазды туыстары күтіп алғанын көруге болады. Бір кезде жанындағы екі ер адам аспанға оқ атады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Қарасай ауданы Көксай ауылында болған.