Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында инновациялық технологияларды енгізіп жатыр. Жасанды интеллектпен жабдықталған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені бар патрульдік автомобильдер пайдалануға берілді.