2 қыркүйекте Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы төмендеді. Бүгін таңертең мегаполисте өткінші жаңбыр жауып, таулы аймақтарға қар түсті. Әлеуметтік желіде жауған қардың суреті тарап жатыр.Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық айма ққа жауып жатқан қарды көрсетті.