Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сұрақ-жауап кезінде қала тұрғыны мегаполисте қазақ тілі қолданысын кеңейту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. Сондай-ақ, Алматыда қазақ тілінде білім беретін мектептердің үлесі аз екенін айтты.