Алматыда апатты жағдайдағы 54 үйдің тұрғындары жаңа баспанамен қамтылмақ. «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте тозығы жеткен үйдің 280 тұрғыны жаңа үйге көшірілді. Бұл «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында жүзеге асты. Биыл жыл соңына дейін Алматыда 54 ескі үйдің тағы 2 180 тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.