Алматыда бір топ бұзақы автобустағы жолаушыны, одан кейін қоғамдық көліктің жүргізушісін ұрып тастады. Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан автобус салонында жолаушылар арасында жанжал шыққанын көруге болады. Оларды ажыратуға барған көлік жүргізушісінің өзі де соққының астына қалып, есінен танып қалған.