Алматы қаласынан Есік кентіне дейін жаңа автобустар қатынайтын болды. Алматы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында 15 қазаннан бастап №252 бағыт ашылды. Бұл маршрут «Райымбек» метро бекетінен Есік қаласына дейін жүреді. Соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. Жолаушыларға 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут.