Соңғы жеті күнде қалада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір артқан. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Эпидемиологтың айтуынша, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануға эпидемиологиялық қадағалау жүргізіліп жатыр, оған COVID-19 зертханалық зерттеулері де кіреді.