Алматыда мамырдан бастап кезекте тұрған 800-ден астам адам баспанаға ие болды. Алматыда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға пәтер беру жалғасып жатыр, дейді Алматы қаласының әкімдігі. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі адам, жетім бала, ардагер және т.б. 218 тұрғын баспаналы болды.