Алматылық дәрігерлер тамағына қоршаудың темірі кіріп кеткен 9 жастағы баланы аман алып қалды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамағына үшкір темір кіріп кеткен бала жедел жәрдем бригадасымен балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді. Әкесінің айтуынша, бала велосипедтен темір қоршауға құлап, жарақат алған.