Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарланды. Бағдарлама жастар бастамаларын қолдауға бағытталған және 14 пен 35 жас аралығындағы Алматы тұрғындарына өз жобаларын іске асыруға 1 000 000 теңге алуға мүмкіндік береді.