Алматыда тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті бекіту жоспарда. «2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» мәслихаттың шешімі әзірленді. Алматыда тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау бойынша шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метрге 40 теңге мөлшерінде бекітілсін», — делінген құжатта.