Алматы полициясы 26-28 тамыз аралығында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасына өткізіп жатыр. Іс-шара аясында Көші-қон заңнамасын бұзған 117 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырланған жерлерін, атап айтқанда қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, жатақханаларды, стихиялық еңбек биржалары мен құрылыс нысандарын мұқият тексеріп жатыр.