Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды. Өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесі, 28/2 мекенжайында орналасқан 2 000 шаршы метрден астам заңсыз қойма ғимараттары толық сүріледі. Бұған дейін басқарма тарапынан «Рифтам» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нысанның басым бөлігіне рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.