Алматыда футболдан әуесқой J лига ойыны кезінде жанжал шықты. Pioneer мен Eric-Son командалары кездесуінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан. Матчтың 80 минутында бас төреші Pioneer командасының ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен. Шешіммен келіспеген футболшы төрешіге бірнеше рет соққы жасады. Артынша бұл оқиға үлкен жанжалға ұласып, команданың бірнеше өкілі алаңнан кеткен төрешіні соққыға шыққан.