Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алып, мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталды. Оның орнына ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді.