«Алтыналмас» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы 18 қыркүйекте Ақбақайда болған жазатайым оқиға жөнінде мәлімдеме жасады. Сол күні топырақ опырылып, кен орнының күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Жексенұлы Нұрмаханов көз жұмған болатын. «Алтыналмас АК» АҚ марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.