Анталиядағы Жамбыл Жабаев атындағы саябақта дәстүрлі музыкалық аспап домбыра ескерткіші орнатылды. Түркиялық БАҚ-тың келтірген мәліметіне сүйенсек, Кепез муниципалитетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Анталия губернаторы Хулуси Шахин, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев, Кепез қаласының мэрі Месут Кожагөз, Анталияда тұратын қазақстандықтар мен түрік ағайындар қатысты.