Антикордың араласуынан кейін «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолдарды салу және жөндеу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр. Жол құрылысы сапасына тұрақты ашық бақылауды қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде мониторингтік жұмыс топтары құрылды. Оның құрамына уәкілетті органның, «Қазавтожол» филиалдарының, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер кірді.