Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесін жариялады. Талдау қорытындысында елдегі спорттың дамуы мен әлемдік деңгейдегі спорт сайыстарында жоғары нәтижеге жету жолында кедергі келтіретін жүйелі жемқорлық тәуекелдері бар екені белгілі болды. Елімізде кейінгі 6 жылда спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге бөлінген. 2018 ж. – 165 млрд теңге, 2019 ж. – 204 млрд теңге, 2020 ж. – 177 млрд теңге, 2021 ж. – 223 млрд теңге, 2022 ж. – 296 млрд теңге, 2023 ж. – 340 млрд теңге. Осы және алдағы екі жылда тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.