Биыл 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген. Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.