Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың жаппай қырылуын тексеруге кірісті. Айдарбек Сапаров басқаратын бөлім 5 тамызға дейін зерттеу нәтижесі дайын болуы керек деді. ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желіде малдың жаппай ауруға шалдығуы мен қырылуы туралы жарияланған ақпаратқа байланысты тексеруді бастады.