Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. "Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз", — деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында,.