Әлеуметтік желілерде таралған Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. "Жалған ақпарат көрсетілген жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.