Астана қаласы 30 қазан күні Visit Astana туристік бренді ретінде Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болды, - деп жазды елорда әкімдігі сайты. Астана Дүниежүзілік туристік альянстың жаңа мүшесі ретінде халықаралық туризмді дамыту және шетелдік қонақтарды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.