Елорданың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың, оның ішінде білім және денсаулық сақтау басқармаларының, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері мен ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ психикалық аурулар саласындағы мамандар қатысты.