Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ауасы ластанған елді мекендерді атады. «Қазгидромет» РМК мамандары 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында мониторинг жүргізілген 70 елді мекеннің бесеуінде атмосфералық ауаның өте жоғары ластану деңгейі, 21-інде жоғары ластану деңгейі, 28-інде көтеріңкі ластану деңгейі, 16-сында төмен ластану деңгейі тіркелгенін айтады.