ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың көптомдық академиялық шығармалар жинақтарының тұсаукесері өтті. Бұл жинақтар Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының дайындауымен және Түркі академиясының қолдауымен жарық көріп отыр.