1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етіледі. Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшылығының мәліметінше, бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінде тиісті жұмыстар толығымен аяқталды.