Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиға бүгін қала орталығында болды. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.