ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ербол Оспанов COVID-19 індеті халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айқын көрсеткенін еске салды. Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының денсаулық сақтау саласындағы менеджмент дағдылары бойынша курстары басталды.