Брюссельдегі жұмыс сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды. Қазақстан Орталық Азия өңірінде шешуші рөл атқара отырып, мемлекет өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізіп отыр. Сондықтан Астанада Euronews өкілдігінің ашылуының тарихи маңызы зор.