Астанада журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған үздік жұмыстарға конкурс басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті және Қарағанды облысының балалар мен жастар ұйымы бірлесіп, 2024 жылдың 8 қарашасынан бастап журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік тақырыбында үздік жұмыстар байқауын өткізеді.