Құқық қорғау органы қызметкерлерінің хабарлауынша, бүгін сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.